Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайында күтіп алды


19:06, 26 тамыз 2025

Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды.

Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады.