Өрттен қорғалатын аса маңызды мемлекеттік нысандардың тізімі бекітілді


09:59, 26 тамыз 2025

2025 жылғы 20 тамыздағы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен мемлекеттік өртке қарсы қызметі өрттен қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

  • Тізімге 11 нысан енгізілді:
  • ҚР Президентінің резиденциялары.
  • ҚР Үкімет Аппаратының әкімшілік ғимараты.
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің әкімшілік ғимараты.
  • ҚР Парламенті Сенатының әкімшілік ғимараты.
  • ҚР Жоғарғы сотының әкімшілік ғимараты.
  • ҚР Конституциялық сотының әкімшілік ғимараты.
  • ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік ғимараты.
  • «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
  • «ҚР Президентінің архиві» әкімшілік ғимараты.
  • ҚР Президенті Іс басқармасының автокөлік шаруашылығы.
  • Материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының автокөлік шаруашылығы.

Бұйрық 2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.