Тоқаев Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады


09:00, 24 тамыз 2025

Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев Зеленскийді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлескен еді.