Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-де қырғызстандық қарсыласына есе жіберді


13:04, 23 тамыз 2025

Қазақстандық Дияр Нұрғожай Шанхайда өткен UFC Fight Night 257 турнирінде Қырғызстан спортшысымен жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жек прелим-кардта өтіп, турнирді ашқанымен, Нұрғожай үшін сәтсіз аяқталды — ол бірінші раундта Уран Сатыбалдиевке (8-1) тұншықтыру тәсілімен есе жіберді.


Осылайша, қазақстандық спортшы UFC-дегі қатарынан екінші жекпе-жегін жеңіліспен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов салмақ санатына қарамастан UFC үздік спортшыларының ресми рейтингіне енгенін хабарлаған едік.