Жуық арада Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады


09:03, 20 тамыз 2025

22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 20 тамызда Ақорда мәлімдеді.

«Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді»,- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.