Тоқаев Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды


13:03, 19 тамыз 2025

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 19 тамызда Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.