Еркін күрес шебері Едіге Қасымбек U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі


11:12, 18 тамыз 2025

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы америкалық Коул Мирасоланы 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

Шешуші белдесуде Қасымбек ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездеседі.

Бұған дейін Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге ие болған еді.