Түрік актері Бурак Өзчевит Наурыз мерекесін Алматыда тойламақ


20:58, 20 ақпан 2025

Түріктің танымал актері Бурак Өзчевит кенже ұлына той жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кештің әдемі суреттерін жұлдызды отбасы желідегі парақшасына жүктеген. Онда анасы Фахрие Евжен кіші ұлына жан тебірентер жазба қалдырса, әкесі Бурак құттықтауын бір-екі ауыз сөзбен қысқа қайырыпты.

Актерлердің бүгінде екі баласы бар.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Бурак Өзчевиттің қазақстандық жанкүйерлерге жағымды жаңалығы да бар. Актер алдағы Наурыз мерекесін Алматыда тойламақ.