Трамп Аляскаға ұшты


17:38, 15 тамыз 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтоннан Анкоридж қаласына ұшып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian және өзге де шетелдік БАҚ мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп мінген Air Force One ұшағы Эндрюс әскери базасынан Аляскаға бет алған. Бірнеше сағаттан кейін онда оның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Ұшар алдында ол журналистермен сөйлеспей, үнсіз ұшаққа мініп, база қызметкерлеріне қол бұлғаумен шектелді.

Онымен бірге Анкориджге мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сауда министрі Говард Лютник, қаржы министрі Скотт Бессент, президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф және Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Джон Рэтклифф аттанды.