19:45, 12 тамыз 2025
2025 жылғы 12 тамызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі қандас мәртебесін алу үшін қалай өтініш беруге болатынын және оған қажетті құжаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қандас – Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, бірақ Қазақстанда тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар және олардың қазақ ұлтына жататын отбасы мүшелері.
Этникалық қазақ – шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ, қазақ ұлтына жататын адам.
Қандас мәртебесін алу немесе ұзарту үшін өтініш беруге болады:
- ХҚКО-да;
- migration.gov.kz порталында;
- электрондық үкімет порталында.
ХҚКО-да қандас мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар:
- өтініш;
- еркін формада автобиография;
- өтініш беруші және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын, ұлтын растайтын құжаттардың көшірмелері (қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен);
- қоныс аудару мақсатына байланысты басқа да құжаттар көшірмесі (туыстық байланысын растайтын құжат, еңбек шарты, оқу орнынан анықтама және т.б.).
Мәртебе беру туралы өтінішті қарау мерзімі – 30 жұмыс күні.
Оң шешім қабылданған жағдайда этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қандас куәлігі беріледі. Оның жарамдылық мерзімі – 1 жыл.
Мәртебені ұзарту тәртібі
«Қандас мәртебесін ұзарту туралы өтінішті жергілікті атқарушы органға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беруге болады. Өтінішке бұрын берілген қандас куәлігінің көшірмесі қоса тіркеледі», — делінген мемлекеттік корпорация хабарламасында.
Мәртебені ұзарту қызметі 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Қандас мәртебесін тек бір рет, 6 айдан аспайтын мерзімге ұзартуға болады. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.






Leave a Reply