Екібастұз кен орнындағы оқыс жайт: жұмысшы биіктен құлады


Екібастұзда кен орнында биіктен құлаған жұмысшы жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2 тамыз күні «Богатырь Көмір» ЖШС аумағында 32 жастағы жабдықты тексеру және жөндеу жөніндегі электрослесарь биіктен құлады.

«Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады», — деді департамент басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.