Алматының кейбір жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді


«Алматы жылу желілері» ЖШС алматылықтарға қаладағы жабық жолдар туралы ескертті. Шектеу бірнеше күнге созылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 тамызға дейін Панфилов көшесінде Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін көлік қозғалысы жартылай жабылады. Қозғалыс бір жағынан екі бағытта да ұйымдастырылады.

6 тамызға дейін Сейфуллин көшесінде Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады.

7 тамызға дейін Ұлы Дала даңғылының бойымен Айтматовтан Төле биге дейін қозғалыс жартылай жабылады. Ол бір жағынан екі бағытта ұйымдастырылады.

Бұған дейін астаналықтарға елорда орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілетіні ескертілген болатын.