Тоқаев «Аваза» конгресс орталығына келді


Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты 2025 жылдың 5 тамызында Ақорданың баспасөз қызметі берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды.

4 тамызда Тоқаев Түркіменстанға келді.