Астанада балалар театрында өрт болып, үш адам зардап шекті


19:35, 19 ақпан 2025

Астанада 19 ақпанда балалар театрында өрт болып, үш адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Сарыарқа ауданындағы Жақып Омаров көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың жертөлесінде шыққан.

«Жедел жеткен өрт сөндірушілер түтін басқан ғимараттан үш адамды құтқарды. Өрт 20 шаршы метрді алаңда сөндірілді, оттың шығу себебі анықталуда. Жану өнімдерімен улану белгілері бар үш адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда Сайран маңында қойма өртенгені хабарланған.