Тоқаев пен Ердоған әуежайдан Анкараға бір көлікке отырып аттанды


23:50, 28 шілде 2025

Қазақстан мен Түркия президенттері «Есенбоға» әуежайынан Анкараға бір көлікке отырып аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы БОРТ N1 Telegram-каналы хабарлады.

Сурет: БОРТ N1 Telegram-каналы

Ал Анкара көшелері Қазақстан Президентінің сапарына орай безендірілген.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.

Тоқаев пен Ердоған әуежайда аз-кем әңгімелесті.

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.