Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды


17:15, 18 ақпан 2025

Тараз полиция басқармасына облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны танысын алдап, 8 Toyota Camry автокөлігін иемденіп алғаны туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшердегі алаяқтық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында осы қылмысқа Тараздың 30 жастағы тұрғынының қатысы бар екені анықталды.

Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Toyota Camry 5 көлік табылып, тәркіленді.

2025 жылғы 10 ақпанда қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес аяқталып, облыстық прокуратураға жолданды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.