«Жаңбыр жауады». Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы


18:40, 25 шілде 2025

Синоптиктер Алматы қаласы бойынша шілде айының соңғы аптасына арналған ауа райының алдын-ала болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz

«Қазгидромет» РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, жұмыс аптасының басында оңтүстік астанада ауа райы өте ыстық болады.

«Күндізгі ауа температурасы +36…+38°C аралығында болады. Түнде де сынап бағаны қатты төмендей қоймайды: +23…+25°C дейін, бұл түнгі салқынды жақсы көретіндер үшін қолайсыздық тудырады», – дейді маман.

Сонымен қатар синоптик аптаның ортасы өзгеріс басталатын белгілерді байқайтатынын айтады: солтүстік-батыстан салқын ауа массасы аймаққа ене бастайды.

«Бұлттар көбейіп, аздап жауын-шашын мен найзағайдың болуы мүмкін, әсіресе таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда. Аптаның соңына қарай ыстықтың беті біртіндеп қайта бастайды. Күндізгі температура +31…+33°C , түнгі температура +20…+22°C аралығында болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетуі мүмкін», — деді Гүлтаңсық Медеуова.

2025 жылғы 26 шілде мен 1 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамы

  • 26 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21…+23°C, күндіз: +36…+38°C.
  • 27 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +23…+25°C, күндіз: +36…+38°C.
  • 28 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +23…+25°C, күндіз: +33…+35°C.
  • 29 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21…+23°C, күндіз: +33…+35°C.
  • 30 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21…+23°C, күндіз: +31…+33°C.
  • 31 шілде -1 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20…+22°C, күндіз: +31…+33°C.

Бұған дейін синоптиктер еліміздегі ірі үш қала бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.