Синоптиктер Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады


19:55, 18 ақпан 2025

Синоптиктер Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.

Ұлытау облысындағы жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.