Каспий теңізінде қатты жел тұрып, жағалаудан алыстап кеткен бес адам құтқарылды


21:55, 23 шілде 2025

Ақтау қаласында «Бриз» яхта-клубы ауданында, Каспий теңізінің жағалауында үгіт-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, SUP-тақтамен сырғанау кезінде бес адамды қатты жел теңіз ортасына қарай алып кеткен. Жағалаудан 2,5 шақырым қашықтыққа барып қалған олар өз бетінше кері орала алмаған.

«Бесеуі де жағаға аман-есен жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ бұл ретте мыналарды еске салады:

  • дауылды немесе желді ауа райында суға шығу кезінде өте сақ болыңыз;
  • құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз және ауа райын үнемі қадағалаңыз.

Бұған дейін Ыстықкөлде боксшы суға батып кетіп, Бақыт Сәрсекбаев мәлімдеме жасаған болатын.