Жезқазғанда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдіктілер қамауға алынды


22:39, 22 шілде 2025

Жезқазғанда бизнесті криминалдық бақылауға алу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жезқазған қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар соттың санкциясымен тергеу изоляторына қамалды.

«Аталған азаматтар шағын және орта бизнес нысандарын бақылауға алуға тырысып, күш қолданып, 6 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында заттай айғақтар тәркіленді.

Полиция құқық бұзушылықтың алғашқы белгілерін байқасаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласуды ескертті.