11:06, 18 ақпан 2025
Алматыда 18 ақпанға қараған түні Hyundai Santa Fe автокөлігі жеке тұрғын үйдің кіреберісіне өтіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол көлік оқиғасы Жүргенов көшесінің төмен жағындағы Жетісу көшесінде болған.
Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәліметтер бойынша, Hyundai жүргізушісі Жетісу көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, Жүргенов көшесімен қиылысқан кезде қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Сурет: Zakon.kz
Артынша көлік жол жиектасынан секіріп өтіп, ағаштар мен газ құбырының тіректері арасындағы тротуардан өтіп, жеке үйдің есік алдына соғылған.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші апаттың себебі, газ педальы мен тежегішті шатастырғанан болуы мүмкін екенін айтты. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеді, олар болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының құтқару қызметі автокөлікті эвакуациялады.
Бұған дейін еліміздің екі өңіріндегі кейбір жол учаскелерінде шектеу енгізілгені хабарланған болатын.






Leave a Reply