10:23, 18 ақпан 2025
17 ақпанда Торонто халықаралық әуежайында Миннеаполистен ұшып келген жолаушылар ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға жайлы әуе айлағының баспасөз қызметі Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Horrifying.
Plane from Minneapolis to Toronto upside down on the runway.
The word from the airport is, «All passengers and crew are accounted for.»
Praying that means they are okay.— Brian Lilley (@brianlilley) February 17, 2025
Оқиға орнына апаттық қызметтер жедел келді. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері табылып, эвакуацияланды.
CTV мәліметтері бойынша, шамамен сегіз адам жарақат алды. Медициналық қызметтер жергілікті жерде жұмысын жалғастыруда.
Бұған дейін Каспий құбыр консорциумының нысанына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағаны хабарланған болатын.





Leave a Reply