Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысын ұстады


16:09, 17 шілде 2025

Ақмола облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол пара алды деген күдікке ілінді.

«Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.