10:23, 17 ақпан 2025
Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған жоба іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағдарлама аясында 200-ден астам табиғи монополия субъектілеріне қайтарымды қаражат бөлінеді. «24KZ» дерегінше, қазір елдегі жылу жүйелерінің 53%-і тозған, кей нысандарда көрсеткіш 90%-ке дейін жеткен.
Жобаны қаржылық қолдау «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
«Осылайша 1622 шақырым желіні жаңартып, жаңа технологияларын енгізу және жеке инвестиция тарту көзделіп отыр», – дейді мамандар.
Бұған дейін Алматыдағы аудандардың бірінде су өшірілетіндігі хабарланған болатын.






Leave a Reply