Үндістанда теміржол вокзалында 18 адам аяқ астында тапталып қаза тапты


13:17, 17 ақпан 2025

Үндістан астанасы Нью-Делидің теміржол вокзалындағы трагедия құрбандарының саны 18-ге жетті.

Қайғылы оқиға сенбі күні болды. Адамдар діни мереке үшін үйіне асығып, вагондарға ұмтылғанда аяқ астында тапталып қалған.

Қаза тапқандардың ішінде 5 бала мен 4 әйел бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың ең жасы 7-де, ең ересегі 79-да екен.

Тағы ондаған тұрғын жараланып, ауруханаға жеткізілді.