20:08, 15 шілде 2025
Ақмола облысында бейтаныс адамдар аудандық мәслихат төрағасының үйіне шабуыл жасаған. Бұл ақпаратты Zakon.kz тілшісіне облыстық полиция департаменті растады.
Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, қарулы қылмыскерлер түнде бетперде киіп, жекеменшік үйге баса-көктеп кіріп, үй иесін отбасымен бірге жертөлеге қамап қойған. Кейін үйді тінтіп, мүлікті көлікке тиеп, оқиға орнынан ізін суытқан.
Ақмола облысының полициясы әзірше оқиғаның егжей-тегжейін жария етпеді, бірақ шабуыл фактісінің болғанын растады.
«Астрахань ауылында болған қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты ашу ісі департамент басшылығының бақылауында”, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.






Leave a Reply