IJF бұл комиссия заманауи технологияларды енгізу және оларды спортшылардың, әлемдік дзюдо қауымдастығының мүддесі үшін және спорттық нәтижелерді арттыру мақсатында этикалық тұрғыда қолданумен айналысады. Сондай-ақ комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.
«Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз комиссияның жұмысына елеулі үлес қосарына сенімдіміз», — делінген федерацияның ресми хатында.
Руслан Желдібай 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі болды. 2023 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары — Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.





Leave a Reply