21:38, 17 ақпан 2025
2025 жылы 17 ақпанда Ұлытау облысындағы кеніштердің бірінде тау-кен массасы опырылып, үйінде астында жеті шахтер қалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында «Жомарт» шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінде астында жеті кенші қалып кеткен. Қазіргі уақытта «Серіктес» АСС» ЖШС-нің құтқарушы бөлімі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
«Оқиға орнына шұғыл түрде Ұлытау облысы ТЖД және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есеп, Апаттар медицинасы орталығының медициналық қызметкерлері және Қазақстан ТЖМ-ның психологтары аттанды», делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға орнында ТМН-ның және облыстық ТЖД-ның шұғыл штабы құрылды.
ТЖМ шұғыл байланыс желісін ұйымдастырды: +7 (7271) 55-96-21.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.






Leave a Reply