20:12, 17 ақпан 2025
2025 жылы 17 ақпанда сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына мына жол учаскелерінде шектеу қойылады:
Қостанай облысы
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы — Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Сұрған ауылы);
- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тас жолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай ауылы — Бұзылық ауылы);
- «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы — Сұрған ауылы).
Жолды 18 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін синоптиктер 18 ақпандағы ауа райы болжамымен бөліскен.






Leave a Reply