17:13, 10 шілде 2025
Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты. Жазатайым оқиға жолда болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілдеге қараған түні «Павлодар-Қызылорда» автожолында Береке және Төртқұдық ауылдарының арасында MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасында жүргізуші қаза тапты.
«Болжам бойынша ер адам бензинді ыдысқа алуға тырысқанда цистернаға құлаған», — деп хабарлады департамент.
Полиция Павлодар тұрғыны қаза тапқан жазатайым оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.






Leave a Reply