Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында 20 елді басып озды


Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 21 елінен жиналған қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды.

Күміс медаль иегерлері:

  • Роман Черемнов – Алматыдағы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Тайыр Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Әлтайыр Ақанов – Астанадағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
  • Ілияс Қазымбек – Алматыдағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері

  • Астана қаласы NURORDA мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.

Теориялық айналым нәтижелері бойынша

  • 1-дәрежелі диплом — Роман Черемнов, Ілияс Қазымбек;
  • 2-дәрежелі диплом — Даниэль Тюлюбаев, Тайыр Әбдіқадыр, Әлтайыр Ақанов.