Қазақстандық «Ахуалдық-талдамалық кешені» (АТК) жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық беделді сыйлығының өз номинациясында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба «Даму үшін АКТ-ны ілгерілетуде үкіметтер мен барлық мүдделі тараптардың рөлі» (The role of governments and all stakeholders in the promotion of ICTs for development) санатында үздік деп танылды.
Жеңімпаздар бүгін Женевада WSIS+20 High-Level Event аясында жарияланды, бұл шара Біріккен Ұлттар Ұйымының басты бастамасы болып табылатын Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік жоғары деңгейдегі кездесуінің (ВВУИО) 20 жылдығына арналды.
Сурет: ҚР Президенті Іс басқармасы
Салтанатты рәсімде Қазақстанға ерекше назар аударылды: Қазақстандық команда марапаттау сессиясын ашты.
Марапатты Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өзі табыстады.
Бұл Қазақстанның WSIS Prizes байқауындағы 2013 жылдан бергі алғашқы жеңісі. 2025 жылы байқауға әлемнің түрлі елдерінен шамамен 1000 жоба қатысты.
Сурет: ҚР Президенті Іс басқармасы
«Бұл жеңіс – еліміздің цифрлық дамуының халықаралық деңгейде мойындалуы. Қазақстан жоғары технологиялық әлеуетке ие екенін көрсетіп, әлемдік трендтерді қуып қана қоймай, маңызды цифрлық шешімдерді ұсынып, оларды жаһандық деңгейде дамытуға үлес қоса алатынын дәлелдеді», – деп атап өтті ҚР Президенті Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығының басшысы Дәурен Нұралиев.
«Ахуалдық-талдамалық кешені»(АТК) – мемлекеттік сектордағы деректерді талдау, мониторинг жасау және жедел басқару үшін әзірленген инновациялық цифрлық платформа.
Сурет: ҚР Президенті Іс басқармасы
Жүйе елдің барлық өңірлері бойынша 500-ден астам әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қамтиды және стратегиялық шешімдерді нақты уақыт режимінде қабылдауға мүмкіндік береді. АТК Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен ҚР Президенті Іс басқармасында қолданылады.





Leave a Reply