09:34, 17 ақпан 2025
Алматының Бостандық ауданында жаңа су желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы су» МКК-ның ақпаратына сәйкес, 18 ақпанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су беруде шектеулер болады:
- Розыбакиев көшесінің бойындағы – «Амир» ТК, «Эстет» ТК «4You» ТК
- Тәжібаева көшесінің бойындағы – «Элемент» тұрғын үй кешені
- Қожабаева 6, 17/1,21 көшесінің бойындағы «Браун» тұрғын үй кешені.
«Аталған қала секторларында суық сумен жабдықтауға уақытша шектеу қою жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Мәжбүрлі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз», – деп хабарлады ұйым өкілдері.
«Алматы су» МКҚК диспетчерлік қызметі: 274-66-66.
Ақпанның 13-і күні Алматы әкімі Ерболат Досаевтан су ақысының көтерілгенін түсіндіруді сұраған.






Leave a Reply