Тоқаев ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент спортшылармен естелік суретке де түсті.

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, бүгін, 6 шілдеде Астанада бокстан Әлем кубогы кезеңінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасының атынан ақтық сынға 12 боксшы жолдама алды. Екі сессия аясында жүлделер сарапқа салынады.