Екібастұзда суға кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр. Құтқарушылардың жұмысын қолайсыз ауа райы қиындатып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Солнечный кентінің маңында «Шандықсор» жасанды көлінде 4 шілдеде сағат 16:10 шамасында тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен 2009 жылы туған баланы іздеу бойынша жұмыстары жалғасуда.
Баланы іздеуге Жедел-құтқару жасағының күштері 6 қызметкер, 2 техника, 2 жүзу құралы, сондай-ақ, эхолот тартылды. Іздеу шаралары қолайсыз ауа райымен қиындатылуда.
– Қатты жел мен толқындар кедергі жасауда. Осыған қарамастан, сүңгуірлер жұмыстарын жалғастыруда, – деді департаментте.






Leave a Reply