Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен үш бала мен үш ересек адамды аман алып қалды


17:19, 16 ақпан 2025

Ақтөбеде Есет батыр көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бірінде үшінші қабаттағы пәтерде өрт шықты – үйдегі заттар жанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар баспалдақ маршымен алты адамды, оның ішінде үш баланы құтқарды.

Өрт шағын алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескерту жасады:

«Түтіннің көп шоғырланған жерінен сақ болыңыз! Ащы түтінмен бірнеше тыныс алу адамды өлімге алып келуі мүмкін!»