Францияда туристер отырған ұшақ құлады


09:33, 28 маусым 2025

Францияның орталық-солтүстік бөлігінде орналасқан Эр-э-Луар аймағында Cessna 172 туристік ұшағы құлады. Үш адамның қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

BFMTV телеарнасының мәліметінше, ұшақ тұрғын үй орналасқан ауданда апатқа ұшыраған. Алайда бірде-бір үйге зақым келмеген. Тек бір автокөлікке соқтығысқаны анықталды.

«Апаттың мән-жайын әуе көлігі жандармериясы (GTA) мен ұлттық полиция бірлесіп тергеп жатыр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ұшақтың жергілікті әуеклубқа тиесілі болғаны анықталды.