Бейбіт Жұқаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты


18:34, 26 маусым 2025

Қазақстандық теннисші, Ақтау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 251-орында) өзінің мансабында алғаш рет Grand Slam санатына жататын атақты «Уимблдон» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Іріктеудің шешуші матчында Жукаев француз теннисшісі Лука Павловичті (ATP 239) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіп, ерік-жігер көрсеткен ойын көрсетті. Бұл — 24 жастағы қазақстандық үшін тарихи жетістік. Былтыр ол негізгі кезеңге бір қадам қалғанда француз Алис Кантенге (3:6, 4:6, 4:6) есе жіберіп, іріктеу финалында сүрінген еді.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық спортшылар — Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және Тимофей Скатов — іріктеуден өте алмады.

Осылайша, «Уимблдонның» негізгі кезеңінде Қазақстан намысын келесі теннисшілер қорғайды: Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жукаев, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сында). Ал жасөспірімдер арасында ел намысын Амир Омарханов, Занғар Нұрланұлы және Дамир Жалғасбай (іріктеуде) қорғайды.