11:18, 25 маусым 2025
Қазақстандық сейсмологтар тіркеген жер сілкінісі туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмикалық станциялар желісі арқылы 2025 жылғы 25 маусымда, астана уақытымен сағат 8:51-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 789 км жерде орналасқан.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілмеді.
Айта кетсек, күні кеше – 2025 жылдың 24 маусымында Түркияның оңтүстігіндегі аттас провинцияның Адана қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды.





Leave a Reply