17:59, 14 ақпан 2025
ТЖМ құтқарушылары жоғалған адамды тапты
Кеше сағат 22.00-ге жақын Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютинка кентінің тұрғыны Жітіқара қаласына қарай жаяу шықты.
Ол межелі жерге жетпеген соң, түн ортасында туыстары дабыл қағып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде 1991 жылы туған ер адам таңға қарай Жітіқара қаласынан 14 шақырым жерден табылып, елді мекенге жеткізілді. Саяхатшыға медициналық көмек қажет емес еді.
ТЖМ төмен температура жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ жақындарына өз бағыты туралы хабарлау қажеттігін еске салады.






Leave a Reply