15:50, 21 маусым 2025
Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде ТЖМ қызметкерлері үш адамды — баланы және оның ата-анасын құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 жасар қызды жағалаудан алыстата жел үрлемелі дөңгелекпен ашық суға алып кеткен. Қатты толқын мен желдің салдарынан ата-анасы баласын құтқармақ болып, өздері де қауіпке тап болды.
«Құтқарушылардың шұғыл әрекетінің арқасында үш адам — бала мен ата-анасы аман-есен жағалауға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ», — деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік азаматтарға су маңында балаларды қараусыз қалдырмауды және ашық су айдындарында үрлемелі шеңберлерді пайдаланбауды ескертті. Мұндай жағдайлар өте қауіпті болуы мүмкін.






Leave a Reply