Қазақстан әйелдер құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды


17:10, 13 ақпан 2025

Қазақстан әйелдер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің команда 4х6 шақырымдық эстафетада үшінші орынға ие болды. Ел намысын Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қорғады.

Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, екінші болып Оңтүстік Корея командасы келді.