Шығыс Қазақстанда қызы балағат сөздер айтты деп әкесін сотқа берді


22:43, 13 ақпан 2025

Шығыс Қазақстан облысында қызына балағат сөздер айтқан ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz хабарлауынша, әкімшілік істі Тарбағатай аудандық соты қарады. Ауыл тұрғыны бір бөтелке арақ ішіп, қызын балағаттап, балағат сөздер айтқаны анықталды. Қыз полицияға хабарласқан.

«Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша хаттама толтырылып, оның қатты масаң күйде болғаны анықталды», — деп жазды басылым.

Материалдар сотқа жіберіліп, оған ескерту жасалды.