92 жастағы қытайлық әжей ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті


11:53, 16 маусым 2025

Қытайда тұратын 92 жастағы Ли есімді әжей өзінің ұзақ өмір сүру құпиясын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Jianghua TV жазуынша, әжей үйде күн сайын 100 рет отырып-тұру және 200 рет серпеліс (отжимание) жаттығуларын орындайды.

Сондай-ақ, Ли демалу үшін әр кеш сайын аяғын ыстық суға салып отырады.

«Бұрын аяқтарым тартылып қалатын, бірақ ыстық суға салғаоы бері ондай болмады», – дейді ол.

Бұған дейін Британдық барлау қызметінің басшысы ретінде алғаш рет әйел адам тағайындалмақ екенін жазған болатынбыз.