Ақмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында қарасора өсірген


15:15, 15 маусым 2025

Ақмола облысының Жақсы ауданында ауыл тұрғынының бақшасынан полицейлер есірткі құрамындағы 920-дан астам өсімдік тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, өңірде «Қарасора – 2025» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

«Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында 39 жастағы ауыл тұрғынының өз үйінің ауласында қарасора өсіріп келгені анықталды. Тінту кезінде полицейлер салмағы шамамен 500 грамм марихуана болуы мүмкін пакет пен бақшадан 920-дан астам есірткілік өсімдік бұтасын тапты», — деп хабарлады департамент өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.