Мыңнан астам әйелді босандырған дәрігер Алматы


12:45, 12 маусым 2025

Қазақстандық дәрігер 10 000 метр биіктікте адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалған. Көп ұзамай әйелдің жағдайы тез нашарлай бастаған.

«Бұл бортта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы Салтанат Исағалиева ұшып келе жатты. Қиын жағдайларға қарамастан Салтанат Қайратқызы дереу көмек көрсетуге кірісті: пациенттің жағдайын бағалап, қарап-тексеру жүргізді, ұсынымдар беріп, науқас үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етті. Жарты сағаттан кейін нәтиже бере бастады – әйелдің жағдайы тұрақталды»,- деп мәлімдеді ведомство.

Салтанат Исағалиева – жоғары санатты дәрігер, медицинада 25 жылдан астам, акушерлік бөлімшені басқарады. Оның артында 10 000-нан астам босандыру және операция, жүздеген құтқарылған кішкентай өмір және мыңдаған ризашылық білдірген пациент бар.

Оның еңбегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»атағымен, «Мамандығына адалдығы үшін» құрмет медалімен, сондай-ақ «Авиценнаның алтын жұлдызы» төсбелгісімен марапатталды.

Бұған дейін Алматыда өрт сөндіру көлігі апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.