Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Орталық Азия Ұлттар лигасындағы үшінші матчында жеңіске жетті


19:50, 10 маусым 2025

Вьетнамның Ханой қаласында әйелдер құрамалары арасындағы Орталық Азия Ұлттар лигасының үшінші кезең матчтары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы Индонезияны 3:0 (25:17, 25:12, 26:24) есебімен сенімді түрде жеңді.

Ұлттық құраманың еншісінде қазір үш матчта үш жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандықтар Жаңа Зеландия мен Моңғолиядан басым түскен еді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен B тобында көш бастап тұр.