Түркияның Маниса қаласының мэрі тоққа соғылып, қайтыс болды


10:04, 10 маусым 2025

9 маусымда Түркияның Маниса қаласының мэрі Ферди Зейрек электр тоғынан соққы алып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

BAKU.WS ақпарат көзінің мәліметінше, бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Кямал Мемишоғлу X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазды.

«Оқыс оқиғадан кейін ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыт жансақтау бөлімінде жатқан Маниса мэрі Ферди Зейректі дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан аман алып қалу мүмкін болмады. Оның отбасына, жақындарына және оны жақсы көрген барлық жандарға қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды министр.

Бұған дейін АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.