Қазақстанда судағы қауіпсіздік ережелері өзгерді


10:24, 5 маусым 2025

Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы бұйрығымен Су объектілеріндегі қауіпсіздік қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулер жергілікті атқарушы органдардың су объектілері мен су шаруашылығы құрылымдарында авариялық-құтқару бекеттері болмайынша жаппай демалыс, туризм және спорт орындарын ашуға жол бермейтінін қарастырады. Нұсқаушылармен қамтамасыз етілген және авариялық-құтқару құралдарымен және кезекші медициналық персоналмен және дәрі-дәрмекпен жабдықталған алғашқы медициналық көмек көрсету кабинеті, сондай-ақ балалардың суға түсуіне арналған алаңдар (балалар жағажайы) болуы шарт.

Еске салайық, бұған дейін құжатта ерікті құтқарушылармен құтқару бекеттерінің штаттық құрамы талқыланған болатын.

Бұйрық 2025 жылдың 15 маусымында күшіне енеді.