Павлодар облысында үй құрылысын жүргізген жұмысшы қаза тапты


19:40, 3 маусым 2025

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша, Кенжекөл ауылында жеке тұрғын үйдің құрылысы кезінде екі адам зардап шеккен, олардың бірі оқиға орнында көз жұмған», — деп хабарлады департамент.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті оқиғаға байланысты тергеу ашты.